Бүгін медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Васильевич Пруглоның құрметіне арналған «Морфологиялық ғылымдар және медицина: дәстүрлер, инновациялар және даму» атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы-Ректор А.А. Дюсупов, Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Д.М. Шабдарбаева, профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі С.А. Апбасов құттықтау сөз сөйледі. Оқытушылар мен білім алушылар жиналған қауымның назарына шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Төрт секция бойынша ұйымдастырылған конференция гибридті форматта өтті. Секциялардың жұмысы аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Юрий Васильевич 1939 жылы Днепропетровск қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Харьков медициналық институтын бітірді. Еңбек жолын Днепропетровск Гастроэнтерология ғылыми-зерттеу институтында бастады. 1986 жылдан бастап оның еңбек жолы қаламыздың медициналық институтында жалғасты. 1988 жылдан 2003 жылға дейін Юрий Васильевич патологиялық анатомия кафедрасын басқарды, 280-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. Ю. Пруглоның жетекшілігімен 7 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды. 1990 жылдан бастап Семей облысының бас патологоанатомы қызметін атқарды. 2011 жылы Жыл сайынғы Пругло стипендиясы бекітілді.