ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ- БІЗГЕ АМАНАТ!

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ- БІЗГЕ АМАНАТ!

Тәуелсіздік – ел мұраты. Бұл біздің кең байтақ даланы мекендеген қазақ халқының басынан өткен зұлмат жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін, 33 жыл ішінде атқарылған игі істерін, бүгінгі жаңа Қазақстанның дамып өркендеуінен анық аңғаруға болады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қарсаңында барлық мамандықтардың 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен 13 желтоқсан күні жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы М.С. Ибраемованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұтқасы-бізге аманат!» тақырыбында ақпараттық танымдық кеш өткізілді.

Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – жастарға тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін түсіндіре келе, қаншама ғасырлар бойы аңсаған егемен еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін қадірлей білу, білім, ғылымды меңгеру арқылы жоғары мәдениетке қол жеткізу арқылы отаншылдық рухты бойына сіңірген айбынды жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Жер болса, ел болады, ел болса ер болады демекші, бүгінде өршіл, рухты ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді елге айналып, дүние жүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, құшағын кеңге жайған керемет дархан далада төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді қашанда мақтаныш тұтады. Барша қазақстандықтарға Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын демекпіз!

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы

Рубрикалар: Категориясыз