2024 жылдың 19 желтоқсанында м.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында студенттік ғылыми қоғамның кезекті отырысы өтті.
Отырыста келесі маңызды тақырыптар талқыланды:
- Оқу процесі және қиындықтар – студенттер пәндерді оқуда кездесетін қиындықтарын бөлісті. Әсіресе, биохимия мен химия пәндері бойынша қиындықтар ерекше назарға алынды. Бұл тақырыптар бойынша қосымша ұсыныстар мен оқу материалдарын дайындау жоспарлануда.
- Материалды қайталау және бекіту – ақпаратты тиімді игеру және білімді бекіту тәсілдері талқыланды.
- Ғылыми жобалар мен зерттеулер – студенттер өздерінің қазіргі зерттеулерімен бөлісіп, жаңа ғылыми жобаларға идеялар ұсынды.
- Мотивация және уақытты басқару – білім алуға ынтаны арттыру стратегиялары мен уақытты тиімді жоспарлау тәсілдері қарастырылды.
- 2-семестрге жоспар – келесі оқу кезеңіне арналған міндеттер мен іс-шаралар бойынша алдын ала талдау жасалды.
Отырыс нәтижелі және мазмұнды түрде өтті. Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ғылыми қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Кафедраның СҒҚ-ға жауапты Шеризатова Б.А.