Бүгін «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсуповтың университет ұжымы мен өңір жұртшылығы алдында есебі өтті. Кездесу барысында бір жылда атқарылған жұмыс, іске асырылған жобалар, нәтижелер, келер жылға арналған жоспарлар туралы презентация ұсынылды.
Даму стратегиясына сәйкес Университет 2024 жылы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі нұсқасы бойынша «Үздік медициналық жоғары оқу орны» атанып 1-ші орынды алды. Мұнымен қатар, университет QS Stars рейтингінде 3 жұлдыз алды: «Оқыту» және «Интернационалдандыру» санаттары бойынша 4, «Жұмысқа орналастыру» санаты бойынша 3 жұлдыз.
2024 жылы Times Higher Education Impact Rankings-ке қатысуға өтінім берілді және 2029 жылға дейін TOP 700+QS WUR by Subject-ке кіру жоспарланған.
2024 жылы Университет 2029 жылға дейінгі мерзімге Халықаралық институционалдық аккредиттеуден және Ғылыми қызметті аккредиттеуден сәтті өтті. Университет госпиталі Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеудің 1-санатты сертификатын алды.
Сондай-ақ, Сапа менеджменті жүйесін 3 жыл мерзімге сертификаттау сәтті өтті. Биылғы маңызды оқиғаның бірі деп университеттің «Сыбайлас жемқорлықтан ада университет» мәртебесін растап, академиялық адалдық Лигасына енуін атай аламыз.
2025 жылдың басында стоматологиялық клиникада компьютерлік томография және 3D диагностика кабинетін іске қосу, ортодонтия кабинетін ашу жоспарланып отыр.
2024 жылы жазда университеттің профессорлық клиникасы ашылды. Семей қаласы мен өңір халқы университетіміздің кез келген профессорының кеңесіне жүгіне алады.
Биыл күзде университет госпиталінің рентгенэндоваскулярлық зертханасының бөлімшесінде жаңа ангиографиялық қондырғының ашылуы өтті.
Заманауи медицинаның барлық талаптарына сай 4 ультрадыбыстық аппарат сатып алынды. Карл Сторц фирмасының инвазивтілігі аз операциялар жасауға арналған бейнеэндоскопиялық тірегі сатып алынды, университет госпиталінің балалар стационарына цифрлық рентген жүйесі сатып алынды. Университет госпиталі мен «СМУ» КеАҚ радиациялық медицина және экология ғылыми – зерттеу институты үшін медицина қызметкерлерін шақыру түймелерімен жарақтандыру бойынша жоба ұтып алынды.
Ағымдағы жылы № 2 Студенттер үйінде күрделі жөндеу жүргізілді. Үй-жайлардың жылу сақтау мүмкіндігін арттыру мақсатында №1 және №3 жатақханаларда, университет кампусының барлық ғимараттарында терезелер ауыстырылды.