2024 жылдың қазан айында Б. С. Буланов атындағы жүрек-қантамырлар және торакалды хирургия кафедрасының ассистенті Сағат Бұлбұл Қанатқызы, Семей қаласының №29 -№18 ЖОББМ КММ мектептерінде кәсіптік бағдар беру бағытында жұмыс жүргізді.Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында түлектерге “Семей медицина университеті” КЕАҚ Білім беру бағдарламалары мен оқуға түсу, және оқу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. “Семей медицина университеті” КЕАҚ туралы презентация көрсетіліп, “Medical Foundation”бағдарламасымен таныстырылды. Оқушылар мамандыққа қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Кездесу соңында барлық оқушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.