Нәрестелер үйіне бару

Нәрестелер үйіне бару

«Сөзбен емес, іспен көмектес» – деген ұранмен балалар үйіне балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Рахимбаева С.Ж., Смагулова А.Е., Сәкім Д.Ғ. және «Педиатрия» мамандығының 4404, «Жалпы медицина» мамандығының 441, 446 кураторлық топтарының студенттері барды. Балалар үйіне барудың басты мақсаты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсету. Студенттер мен мұғалімдердің бірлескен күшімен залды безендіруге арналған құрал-жабдықтар, ойыншықтар және бала күтіміне арналған заттар сатып алынды. Бұл кездесу студенттерге де септігін тигізді, басқа адамдарға көмектесу арқылы олар өздерің, құндылықтарың, мүдделерің және қызығушылықтарың жақсырақ түсіне алады. Ерікті болу адамды мейірімді болуға үйретіп, оның психологиялық және эмоционалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Балалар үйінің қызметкерлері жаңа жылдық кешке және бала күтіміне қажетті барлық заттарды сатып алуға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Волонтерлік жұмыс