Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы

Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы

Желтоқсан айының 20-сы күні  ғылымдарының докторы, профессор Юрий Васильевич Пруглоны еске алу  құрметіне арналған «Морфологиялық ғылымдар және медицина: дәстүрлер, инновациялар және даму» атты республикалық     студенттік ғылыми – практикалық конференция өтті.
Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы-Ректор А.А. Дюсупов, Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Д.М. Шабдарбаева, профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі

С.А. Апбасов құттықтау сөз сөйледі. Төрт секция бойынша ұйымдастырылған конференция гибридті форматта өтті. Секциялардың жұмысы аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылды. Конференцияның  қатысушылары ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының  «Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірмесінің студенттері Асабаев Нұрасыл,

Әскер Аққу І орын, Черубаева Ания, Қадырбекова Дильнара  ІІ орын  сертификаттар, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Оразалина А.С., ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі және  

 PhD, оқытушысы, Рахимгалиева П. С., Елькенова Б.З.