19 желтоқсанда эпидемиология және биостатистика кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған викторина өткізілді. Жалпы Медицина факультетінің 2122 тобының студенттері екі топқа бөлініп, викторина сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, қазақ халқының өзін-өзі тануындағы Тәуелсіздік күнінің рөлі, Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі үшін білім мен адал еңбектің рөлі белгіленді.