“Тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың алдын алу” дөңгелек үстелі

“Тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың алдын алу” дөңгелек үстелі

24.12.2024 ж.Әуезов жедел және шұғыл медициналық көмек қосалқы станциясында “Тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың алдын алу”дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара аясында Тұмау мен жіті респираторлық инфекциялардың алдын алу, халықты иммундау, Абай облысында жедел респираторлық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал, олардың клиникалық ерекшеліктері мен айрықша белгілері мәселелері қаралды. Спикерлер жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде жедел респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, бұл барлық тіркелген жұқпалы аурулардың шамамен 90% -. құрайды. Бұл ретте сырқаттанушылықтың өсуі жыл сайын қаңтар-ақпанға келеді. Дәріскерлер тұмау, ЖРВИ және COVID-19 клиникасына тағы да егжей-тегжейлі тоқталып, тәуекел топтарына баса назар аударды. Тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі вакцинация болып табылады және алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, басқалармен байланыстарды азайту, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану, үй-жайды желдету және тазалау режимін сақтау ұсынылады. Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Категориясыз