Есірткі құралдарының таралуы мен қолданылуының алдын алу

Есірткі құралдарының таралуы мен қолданылуының алдын алу

2024 жылдың 20 желтоқсанында жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында ассистенттер Абдрахманова Г.Ж., Козубаева Д.Б., доценттер Маукаева С.Б., Құдайбергенова Н.Қ., ағымдағы және 5216, 5343, 438 кураторлық топтармен  іс-шаралар жүргізіп, нашақорлықтың алдын алу бойынша, «Закладка» деректі фильмі көрсетілді.

Акцияның негізгі мақсаты – студенттердің есірткіні қолданумен байланысты қауіптер туралы хабардарлығын арттыру. Бұл жастардың ақпаратты жан-жақты талдап, негізделген қорытынды жасау қабілетін дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл барлық есірткілердің, заңды және заңсыз, зиян келтіру мүмкіндігі бар екенін және есірткіні қолдану тәжірибесіне адамның жеке басын, есірткіні және қоршаған ортаны қоса алғанда, көптеген факторлар әсер ететінін түсінуге көмектеседі.

Осылайша, студенттердің есірткі заттарын қолданудың алдын алу және ерте анықтау жүйесін құру, маңызды медико-педагогикалық міндет болып табылады.