Остеопороз, ересектердігі алдын алу шаралары

Остеопороз, ересектердігі алдын алу шаралары

24.12.24ж «Семей медицина университеті» КеАҚ «Күміс университеті»  жобасы» аясында «Радиология» кафедрасының меңгерушісі, Мадиева М.Р. және кафедра докторанттарымен «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық  Достық үйі» КМҚК  достық үйінің мүшелерінің қатысуымен  «Остеопороздың алдын алуға арналған емдәм және физикалық белсенділік» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: түрлі жастағы адамдар арасында кең тараған остеопороз ауруын алдын алу үшін дұрыс тамақтану принцптерін түсіндіру. Остеопороз дамуы үшін физикалық белсенділіктің рөлі өте зор, сондықтан өмір сапасын жақсарту мақсатында остеопороздың алдын алу үшін арнайы жаттығулар көрсетілді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары қазіргі таңда кеңінен тараған берілген аурудың негізімен танысты.  Сондай-ақ  қатысушылар аурудың алдын алуы үшін қажетті ақпаратты алды, халық даналығы айтқандай «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде».