Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Қазақстан – тарихы терең ел. Байтақ даламыздың төсінде ғұлама, ержүрек бабаларымыздың іздері сайрап жатыр. Ержүрек бабаларымыз талмай күресіп, бізге ұшқан құстың қанаты талатын, шапқан аттың тұяғы кетілетін ұлан-ғайыр аумақты мұра етіп қалдырды. Осынау мереке күні халқымыздың еркіндікке жету жолында өткерген оқиғаларды еске алып тәу етеміз. Азаттық Қазақстанның әрбір азаматы үшін асқақ та қастерлі ұғым!
Баршаларыңызды Тәуелсіздік күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бақыт, табыс, отбасыларыңызға ырыс пен береке тілеймін! Ынтымақ-бірлігіміз нығайып ортақ Отанымыз Қазақстанның тұғыры биіктей берсін!
Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов