Желтоқсан айының 21 жұлдызында «Семей Медициналық университеті» КеАҚ, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.О Рахыжанова.; оқытушылары К.Т Кусаинова және А.А. Шакабаева тәрбиелік жоспарға сәйкес №4 студенттер үйінде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында дұрыс тамақтанудың денсаулыққа маңыздылығы және студенттерге пайдалы, зиянды тағамдар туралы, олардың ағзаға әсері жайлы құнды мәліметтер ортаға салынды. Дөңгелек үстел барысында сұрақ- жауап түрінде өзара пікір талас жүргізіліп, интерактивті ойындар өткізілді. Студенттер іс-шараға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Әр студент денсаулық сақтаудың басты шарты- дұрыс тамақтану екенін естен шығармау керек.