2024 жылғы 13 қарашада «А.А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасында» 4311-топ студенттері және кураторы, кафедра ассистенті Егежанова Гүлбаршин Мырзахаметқызының жетекшілігімен, гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбына және оны медициналық ЖОО-ның оқу бағдарламаларына енгізу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға интерндер мен резиденттерде қатысты.
Қоғамда гендерлік зорлық-зомбылықтың, соның ішінде физикалық, сексуалдық, психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылықтың көбеюін ескере отырып, талқыланған тақырып өте өзекті болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар зорлық-зомбылық белгілері туралы және оның құрбандарының денсаулығына тигізетін салдары туралы болашақ дәрігерлердің хабардарлығын арттырудың маңыздылығына назар аударды. Медициналық қызметкерлер көбінесе зардап шеккендерге алғаш көмек көрсететіндердің қатарынан болғандықтан,оларға қолдау білдіру және көмек көрсету рөлінің маңызы зор екендігі айтылды.
Талқылаудың басты тақырыптарының бірі — гендерлік зорлық-зомбылық мәселелерін оқу бағдарламасына енгізу болды. Қатысушылар лекциялар, тренингтер және интерактивті сабақтарды оқу процесіне қосу арқылы студенттерге зорлық-зомбылық құрбандарымен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруды ұсынды. Сонымен қатар, мамандардың қатысуымен шеберлік сыныптарын өткізу ұсынылды, олар зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс тәжірибесі туралы айтып, медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша ұсыныстар бере алады.
Сонымен бірге, студенттерді емдеу әдістерімен қатар, этикалық аспектілерге, соның ішінде адамның құқықтарын құрметтеу, жеке шекараларды сақтау және мәдени сезімталдықты қалыптастыруға үйретудің маңыздылығы айтылды. Бұл кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға, сондай-ақ қоғамның барлық мүшелері үшін қауіпсіз орта құруға көмектеседі.