Maslihat Cup 2024: Еркебұлан Хасановтың жеңісі

Maslihat Cup 2024: Еркебұлан Хасановтың жеңісі

2024 жылғы 8 желтоқсан күні Семей қаласында Абай облысы мәслихат төрағасының Кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі Maslihat Cup 2024 өтті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен дебат клубтарының мүшелері қатысып, ораторлық шеберлік пен аналитикалық ойлау дағдыларын көрсетті. Осы турнирге Өскемен қаласындағы Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының 7 курс, 726 топ интерні Еркебұлан Хасанов та қатысты.

Бұл турнир еліміздегі ең беделді пікірсайыс шараларының бірі болып саналады, әрі оған қатысу үлкен мәртебе. Еркебұлан Хасанов жүлделі орын алып, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл жеңіс оның жеке жетістіктерін ғана емес, Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының да абыройын асқақтатты.

Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы әрбір интерннің жетістіктеріне қуанып, мақтан тұтады. Еркебұланның жеңісі оның тек академиялық жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар аналитикалық ойлау мен дебат дағдыларын жоғары деңгейде меңгергенін көрсетеді. Бұл жетістік университеттің білім беру сапасын және студенттерінің көпсалалы дамуын дәлелдейді.

Еркебұланның болашақта да көптеген жетістіктерге жететініне сеніміміз мол. Оның жеңісі басқа студенттерге де шабыт беріп, үлкен жетістіктерге жетуге ынталандырады. Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы Еркебұланға алдағы уақытта да тек қана жетістіктер тілейді.

Рубрикалар: Оқушылар