Стоматология факультетінің 4 курс студенттері арасында “Сәулелік диагностика” пәндік олимпиадасы

Стоматология факультетінің 4 курс студенттері арасында “Сәулелік диагностика” пәндік олимпиадасы

10.12.2024 жылы КЕАҚ”МУС”  радиология кафедрасының базасында стоматология факультетінің 4 курс студенттері арасында “Сәулелік диагностика” пәні бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиаданың басында кафедра меңгерушісі, м.ғ. д., қауымдастырылған профессор Мадиева Мадина Рашидовна құттықтау сөз сөйледі.

Олимпиаданың мақсаты – стоматология факультетінің 4 курс студенттерінен циклден өту кезеңінде алған білімдерін бекіту және қорытындылау.

Олимпиада 3 турдан тұрды.

Бірінші іріктеу кезеңінде қатысушыларға Google-forms арқылы әр түрлі қиындықтағы тест тапсырмалары берілді. Екінші тур іріктеу кезеңінен өткен және ең көп ұпай жинаған қатысушылар арасында “Своя игра” форматында өткізілді, қатысушылар 3 командаға бөлінді. Үшінші турда командаларға қорытынды бере отырып, ауыз қуысының, жақ-бет аймағын визуализациялау бойынша ситуациялық мәселелерді шешу ұсынылды.

Қазылар алқасының мүшелері: М.Р. Мадиева, Д. Т. Раисов, А. К. Мұқанова, Н. М. Культуманова, К. А. Альмисаев, А. М. Шапиханова.

Олимпиаданың барлық жеңімпаздары грамоталармен марапатталды, қатысушылар олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар алды.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: радиология кафедрасының қызметкерлері, сондай-ақ 1 және 2 оқу жылының резиденттері: Азанов Азамат, Ленский Евгений, Төлегенов Мирас, Сабитова Диляра, Акманова Малика, Нұрғалиева Аяулым, Абильдинова Аяулым, Иволгина Мария

Рубрикалар: Категориясыз