16 желтоқсан Қазақстан өзінің негізгі мемлекеттік мерекесін — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 1991 жылы дәл осы күні ел өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, өз тарихында жаңа дәуір ашты. 33 жыл тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан экономиканы нарықтық жүйеге көшіру, шетелдік инвестициялар тарту және экономикалық өсу қарқыны бойынша Орталық Азияда көшбасшы елге айналу бағытында айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Осы оқиғаға орай 2024 жылғы 13 желтоқсанда 4311 тобының «Жалпы медицина» факультетінің студенттері топ кураторы А.А.Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедра ассистенті Гүлбаршин Мырзахаметовнаның жетекшілігімен сынып сағатын өткізді. Оның негізгі мақсаты студенттерді тәуелсіздіктің маңыздылығымен таныстыру және қазіргі Қазақстанның қалыптасуына әсер еткен негізгі кезеңдерді талқылау болды.
Іс-шара барысында тәуелсіздіктің қазіргі заман тұрғысынан мағынасы туралы талқылау болды, сонымен қатар еліміздің халықаралық аренадағы орны жөнінде пікірталас жүргізілді. Бұдан бөлек, білім сайысы ұйымдастырылды, студенттер сынып сағатының тақырыбына сәйкес сұрақтарға жауап берді.
Кураторлық сағат еліміз үшін егемендіктің маңызы мен оның әрбір азамат үшін рөлін талқылаумен аяқталып, тәуелсіздіктің құндылығы және елдің болашағына әсері туралы терең түсінік қалыптастырды.