2024 жылғы 20 желтоқсанда «Семей медицина университеті» КеАҚ және ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Негізгі мақсат жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру құралдары бойынша Тараптардың ынтымақтастығы мен практикалық өзара іс-қимылын жолға қою болып табылады.
Ынтымақтастық туралы Меморандум қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:
1. Ғылыми ақпарат, әдебиет және библиографиялық басылымдармен алмасу.
2. Бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту: медицина және медициналық туризм саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану, ҚР ДСМ, ҚР ҒжЖБ желісі бойынша, сондай-ақ халықаралық деңгейде гранттық ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау.
3. Web of Science дерекқорында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus дерекқорында Citescore бойынша процентилі бар және Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда халықаралық ғылыми басылымдарда, индекстелетін журналдарда мақалалардың бірлескен жарияланымдары, монографиялар, әдістемелік ұсынымдар, оқу құралдарын жариялау.
4. Білім алушылар мен жас мамандар үшін кәсіби, зерттеу тәжірибелерін және тағылымдамаларды ұйымдастыру.
5. Курортология және медициналық оңалту саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар консультациялар, дәрістер, семинарлар және т.б. өткізу.
6. Ғылыми-практикалық конференциялар, конгрестер, дөңгелек үстелдер, вебинарлар өткізу.