23 желтоқсан 2024 жылы “Медицина”, “Педиатрия”, “Стоматология”, “Фармация” ББ 1 курс студенттеріне арналған “жасушалық метаболизм”коммитиі бойынша қысқы сессия емтихандары өткізіледі. Оқу жылының басында сараптамадан өткен бірінші курстың барлық білім беру бағдарламалары бойынша Силлабустар бекітілді; емтихан алушылардың тізімі, ОСПЭ және ауызша емтиханға арналған сұрақтар тізбесі бекітілді, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде билеттер дайындалды, емтихандарға дайындық актілері жасалды. Жиынтық бағалау (СБ) екі кезеңнен тұрады: 1 кезең – практикалық дағдыларды игеру бойынша емтихан. “Жасушалық метаболизм” бойынша станциялар саны-10: молекулалық биология – 5 станция; биохимия-2; гистология-1; физиология-1; медбиофизика-1.
26 желтоқсан 2024 жылы осы күні бастап жиынтық бағалаудың 2 кезеңі – ауызша емтихан басталды. Студенттер билеттер бойынша емтихан тапсырады, әр билетте кейс және оған кіретін интеграция (коммити) пәндері бойынша 6 сұрақ, барлығы 30 билет құрастырылған. Студентке бекітілген нысан бойынша жауап парағы берілді. Дайындыққа 18 минут уақыт берілді және уақыт өткеннен кейін студенттер емтихан алушылармен сұхбаттасуға шақырылды. Әр станцияда студентке сұраққа жауап беру үшін 3 минут беріледі. Студенттердің сағат тілімен бір емтихан алушыдан екіншісіне таймер бойынша қозғалысын кезекші оқытушылар бақылайды. Емтихан сессиясы жалғасуда. Студенттер жақсы дайындықты көрсетеді.
Оразалина А.С., ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі және оқытушылары Ибраева Г.Р., Рахимгалиева П. С., Елькенова Б.З., Орынбасарова Б.А., Есентаева А.М., Данешова А.М.