«Клиникалық эпидемиология және биостатистика негіздері» пәні бойынша ашық сабақ

«Клиникалық эпидемиология және биостатистика негіздері» пәні бойынша ашық сабақ

2024 жылғы 10 желтоқсанда эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Тукинова Асель Ришатовна «Клиникалық эпидемиология және биостатистика негіздері» пәні бойынша «Nonparametric tests for independent samples» тақырыбында 2508 топ студенттеріне ашық сабақ өткізді.

Сабақ TBL (командалық оқыту) форматы бойынша ұйымдастырылды. Сабақ барысында студенттер сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен танысып, жеке тестілеу, топтық тестілеу, командалармен жұмыс жасау және қорытынды жеке тестілеу кезеңдерін өтіп, тақырыптың негізгі мәселелерін қарастырды. Оқытушы сабақтың қорытындысын жасап, студенттердің жетістіктерін атап өтіп, әрі қарай оқу үшін ұсыныстар берді. TBL әдісін қолдану студенттердің дербестігін көрсетуге, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және тақырып бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді. Сабақ студенттер мен сабаққа бақылаушы ретінде қатысқан әріптестерден оң пікірлер алды. Сонымен қатар, сабақ Zoom платформасы арқылы тікелей эфирде трансляцияланды.

Рубрикалар: Оқу процесі