“Отбасы күніне” арналған кураторлық сағат

05.09.2024 “Отбасы күні” мерекесіне арналған екінші курс 2105 тобымен, “Медицина” мамандығы және куратор Динара Ормбаевна Садыковамен кураторлық сағат өткізілді. Ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі ретінде отбасының маңызды рөлі туралы әңгіме жүргізілді. Бұл әр түрлі ұрпақтар арасындағы байланыс болып табылатын отбасы, ол жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінің алғашқы кезеңі.

Интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған оқытушылар қатысқан жиналыс

10.09.2024 ж.-11.09.2024 ж. “Медицина” және “Педиатрия” білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушыларына Абай облысы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры М. М. Қабытаевтың қатысуымен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жиналыс өтті.  Бүгінгі таңда интернет-алаяқтық мәселесі өте өткір тұр. Мамандардың айтуынша, оқытушылар мен студенттер көбінесе алаяқтардың құрбаны болады. Құқық қорғау органдарының…

Білім күні және бейімделу аптасы

02.09.2024 жылы “Семей медицина университеті”КеАҚ бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты жиын өтті. Іс — шара барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы құттықтау сөз сөйледі. Ректор өз үндеуінде студенттерге оқуда табыс тілеп, алдағы міндеттер мен біздің университетте оқу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰААА корреспондент-мүшесі Мыңжанов Масығұт Рахимұлы құттықтау сөз…

Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні

2024 жылдың 11 қыркүйегінде психиатрия және наркология кафедрасы медицина және педиатрия 1 курс студенттеріне “Мен өмірді жақсы көремін!” дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне арналған іс-шараны өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушылар: психиатрия және наркология кафедрасы, 5110, 3513 медицина тобының студенттері, бірінші курс резиденттер-психиатрлар.  Деканның орынбасары А. Ш. Құлгымбаева атынан медицина және педиатрия мектебі белсенді көмек көрсетті. Дүниежүзілік суицидтің…

Отбасы – табиғаттың керемет туындыларының бірі

2024 жылдың 8 қыркүйек күні, “Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасының ассистенті Жазықбаева Л.Қ. 3120, 3103, 3526 кураторлық топтарымен КеАҚ Семей Медицина университетінің  “№1 студенттер үйінде” Отбасы күніне орай сенбілік іс-шара ұйымдастырды. Отбасы күні – Қазақстан үшін жаңа мейрам болып саналады. Бұл мейрам отбасының рухани құндылықтары мен дәстүрлерін бейнелейді.  Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни…