“Академиялық саясаттағы өзгерістер”, “Отбасы күні”тақырыптарында кураторлық топпен алғашқы кездесу
Эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Жапарова Жамал Дүйсенқызы “Стоматология”факультетінің 205 кураторлық тобымен алғашқы кездесуін өткізді. Кураторлық сағаттың тақырыптары “Академиялық саясаттағы өзгерістер”, сондай-ақ “Қазақстан Республикасындағы Отбасы күні”болды. Оқытушы студенттерді академиялық саясаттағы өзгерістермен таныстырды, ол бойынша студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, кураторлық сағатта студенттер оқытушымен Отбасы күнінің маңыздылығын, туыстық байланыстарды қолдауды және әр адамның кәсіби және жеке…