Таныстыру кураторлық сағаты

2024 жылдың 25 қыркүйегінде “Жалпы медицина” мамандығының 431 тобының кураторы Әсел Ришатқызы Тукинова студенттер үшін таныстыру кураторлық сағатын өткізді. Кездесу барысында ол білім алушыларды негізгі академиялық саясатпен және олардың университеттегі қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды. Студенттер ұсынылған құжаттарды талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Куратор академиялық саясаттың негізгі ережелерін, пәндер саясатын, ішкі тәртіп ережелерін…

Ұйымдастыру мәлелелері бойынша шетел бөлімінің білім алушыларымен жиналыс

Әр оқу жылының басында «Семей медицина университеті» КеАҚ академиялық үдеріске және студенттік қызметтің өзге де аспектілеріне қатысты университеттің ережелері мен талаптарымен танысу тұрғысынан барлық курстардың білім алушыларымен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. 2024 жылдың 19-20 қыркүйек  күндері Шетел білім алушылар мектебінің «Медицина» және «Жалпы медицина» білім беру бағдарламаларының  2-5 курс шетел білім алушыларымен жиналыс өткізілді. 2024-2025…

Семей медициналық университетінде 2024 жылғы түлектерді қайта бөлу бойынша комиссия отырысы өтті

2024 жылғы 27 қыркүйекте Семей медицина университетінде білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024 жылғы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған бітіруші түлектерді/жас мамандарды және философия докторларын (PhD) қайта бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оқуды жалғастырған түлектердің тізімін анықтау және жас мамандардың мемлекеттік тапсырысты өтеу орнына жетуін анықтау – осы отырыстың негізгі мақсаты болып табылады.…

З. А. Хисметоваға профессор ғылыми атағын беру үшін құжаттарды тапсыру туралы хабарландыру

«Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына сәйкес толықтырулар мен өзгертулермен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің м.а. 09.01.2023 жылғы № 7 бұйрығына сай «Семей медицина университеті» КеАҚ өтініш беруші туралы ақпаратты жариялайды: «Семей медицина университеті» КеАҚ қоғамдық…

Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Абай облысының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Стоматология» білім беру  бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу. Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары»тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Абай облысының Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі Еспаева Гауһар Серікқызы заманауи синтетикалық препараттар, дәріхана нашақорлығы мәселелері…