Балалар стоматологиясы. Төңкерілген сынып
Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында оқу процесі инновациялық, интерактивті технологияларды пайдалана отырып ұйымдастырылған. Білім алушылар үшін осындай қызықты технологиялардың бірі – “төңкерілген сынып”. 14.05.2024 жылы доцент Д.М. Сүлейменева “Стоматология” мамандығы бойынша 501 топ студенттерімен бірлесіп, “теңнен теңге”, “студенттен студентке” әдістемелерін және “төңкерілген сынып” интерактивті оқыту әдістерін, Kahoot, түрлі зияткерлік ойындарын біріктіре отырып, ашық сабақ өткізді.…