Балалардағы тері аурулары

2024 жылдың 9 желтоқсанында ШЖҚ КМК “Павлодар қаласының №3 емханасы” клиницист мектебі аясында академиялық жетекші,  м.ғ.к., доцент м.а. С.М. Адильгожинаның жетекшілігімен жалпы практика дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне арналған «Балалардағы тері аурулары» тақырыбында семинар өткізілді. Балалардағы тері аурулары педиатриялық патологияның жалпы құрылымында маңызды орын алады. Олар өз алдына жеке нозологиялық бірлік ретінде болуы мүмкін немесе жүйелік…

№4 студенттер үйінде кездесу Психиатрия және наркология кафедрасы

10.12.2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті А. А. Алмагамбетова студенттер үйінде кафедралардың кезекшілік кестесіне сәйкес №4 студенттер үйінде кезекшілік өткізді. Алмагамбетова А. А. студенттер арасында “студенттердің жүйке–психикалық тұрақтылығын арттыру және оны түзету әдістері“ тақырыбында дәріс және сауалнама жүргізді. Студенттер оқытушымен бірге стресстің психологиялық табиғаты және оны түзету әдістерінің, денсаулықты сақтауға, университетте оқу нәтижелерін жақсартуға қалай ықпал ететінін талқылады. ЖОО-да оқитын студенттер үнемі стресс–факторлардың ықпалында болады. Олар стрессті басқара білуі және оның ағымын оңтайландыруы керек, әсіресе емтиханға дайындық кезінде және оны тапсыру кезінде. Себебі бұл білім алушылардың өміріндегі маңызды аспектілердің бірі. Психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті А. А. Алмагамбетова студенттерге стресстік жағдайлармен қалай тиімді күресуге және емтихандарды сәтті тапсыруға болатынын айтып берді. Стрессті болдырмау үшін емтиханға алдын-ала дайындалу керек, оқу жүктемесін жоспарлау керек, күн тәртібін сақтау керек. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұл кездесу студенттерге емтихан кезінде стресстік шиеленісті жеңуге және өзіне сенімді болуға мүмкіндік берді.

Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, PhD Ахметова Венера Тұрсынқызымен сұхбат

Кафедраның жұмыс жоспары бойынша м.ғ .д., профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының “Күміс университеті” бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың қазан айында “Semey TV” арнасында Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, PhD Ахметова Венера Турсыновнамен кездесу өткізіліп, бағдарлама 2024 жылғы 7 қарашада жарық көрді. Деменция-ХХІ ғасырдың жетекші медициналық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің бірі. Ол миллиондаған адамдардың күнделікті өмірі…

Қаныш және ғылыми майдан: кітап таныстырылымы

10 желтоқсан күні оқытушылар О.Т. Ван, (симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы), Л. В. Ковалева (ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы), Н. К. Құдайбергенова (жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы) және КеАҚ «СМУ» Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, Абай кітапханасы және «Асық» әдеби-мәдени клубының ұйымдастыруымен…

9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күн

09 желтоқсан 2024 жылы ЖББП кафедрасы және «Саналы ұрпақ» студенттер клубының ұйымдастыруымен 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адал адам» жобасы аясында  студенттер үшін дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Мақсат – жастар арасында коррупцияға қарсы төзімсіздікті қалыптастыру, академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау. Жемқорлықпен күрес студенттер үшін маңызды. Себебі жоғары…