Эпидемиология және биостатистика кафедрасының ғылыми үйірмесінің отырысы

2024 жылдың 12 желтоқсанында эпидемиология және биостатистика кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы студенттерді ғылыми конференцияларға дайындауға арналған ғылыми үйірме отырысын өткізді. Кездесуде «Конференцияға ғылыми жұмысты дайындау кезеңдері» тақырыбында баяндама жасалды. Медицина факультетінің студенттеріне ғылыми тезис жазудың негізгі принциптері, мәліметтерді талдау әдістері және зерттеу жүргізудегі құрылымдық тәсілдің маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара интерактивті форматта өтті:…

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

Профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының оқытушылары Малік М. М., Разакова Н. Г., Ортбаева Ф. Н., Маратова А. Ш. – Тәуелсіздік күніне орай 1218, 1220, 2107, 2109 топтарымен кураторлық сағат өткізілді. Сіздерді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін айтулы күн — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздік пен бостандықтың бастауы болып табылатын осы салтанатты күнде Сіздерге бақыт пен амандық, өркендеу, табыс тілейміз. Қазақстанды тұрақты дамыту мен жетілдіру жолындағы еңбегіңіз табысты, ал болашағыңыз жарқын болсын.

Санжар Керімбаймен кездесу: “Қаныш және ғылыми майдан” кітабының маңызы

2024 жылдың 10 желтоқсанында Семей медицина университетінің 1-курс студенттері, 1108 тобы, Абай атындағы кітапханада өткен ерекше кездесуге қатысты. Бұл шара белгілі жазушы және зерттеуші Санжар Керімбаймен жүздесу аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Санжар Керімбай өзінің “Қаныш және ғылыми майдан” атты кітабы туралы кеңінен баяндап, Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбектері жайлы мағлұматтарымен бөлісті. Автор Қаныш Имантайұлының ғылымға…

Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат

Мереке қарсаңында 2024 жылдың 13 желтоқсанында м. ғ. д., профессор Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында куратор С.А.Лауенова «Фармация» мамандығының 502 тобына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізді. Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі. Ел тұрғындары бұл датаны жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтеді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы…

Адалдық – өмірдің өзегі, еңбек – оның жемісі

9 желтоқсан күні Жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушылары мен «Қыз Жібек» қыздар үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен халықаралық Адалдық күніне орай «АДАЛ АДАМ-АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС» атты дөңгелек үстел өткізілді.              9 желтоқсан халықаралық Адалдық күні ретінде жыл сайын 2003 жылдан бері аталып келеді. Бұл күнді атап өтудегі негізгі мақсат – адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтарын…