Кардиоваскулярлық хирургиядан пәндік олимпиада

2024 жылғы 24 Сәуірде Б. С. Буланов атындағы жүрек-қан тамырлары және торакалды хирургиясы кафедрасының базасында 4 курс шетелдік және жергілікті жалпы медицина студенттері арасында кардиоваскулярлық хирургия пәндік олимпиадасы өтті. 4 курс студенттері арасындағы Олимпиада студенттерге өз білімдерін бағалауға және оларды іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар: оқытушылар құрамы және Ангиохирургия резиденттері. Құттықтау сөзімен Буланов атындағы…

Мамандандырылған балалар үйінде сабақтан тыс уақытта волонтерлік жұмыс

24.04.2024 жылы мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері 101, 201 «Мейіргер ісі», 204 «Стоматология», 2105, 2418 «Жалпы медицина» тобының студенттерімен, 101 «Мейіргер ісі”» тобының магистранттарымен бірлесе отырып, Абай ДСБ «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» КМҚК-ға волонтерлік мақсатпен оқудан тыс уақытта барды. Аға тәрбиешімен сапардың мақсатын алдын-ала талқылап, балалар үйінде тұратын туғаннан 3 жасқа дейінгі балалармен кездесу жоспарланды. Мекеменің…

М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттік халықаралық ғылыми конференцияға 1 курс студентінің қатысуы

2024 жылдың 11-12 сәуір күні ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс 1213 тобының студенті Асабаев Н.Н. Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Ғылым: кеше, бүгін, ертең» атты жас ғалымдардың LIX халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, «Генетикадағы дерматоглификаның рөлі. Даун синдромын зерттеудегі дерматоглифика…

Халықаралық ынтымақтастық аясында меморандум жасалды

2024 жылы 5 сәуір күні халықаралық ынтымақтастық аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ (Қазақстан Республикасы, Семей қаласы) және Андижан мемлекеттік медициналық институты (Өзбекстан Республикасы, Андижан қаласы) арасында денсаулық сақтау, академиялық, ғылыми және мәдени қатынас саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум білім беру, ғылыми зерттеулер және денсаулық сақтау салаларында өзара ынтымақтастықты жүзеге асыруға, курстарды ұйымдастыру және ғылыми…

«Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының үздік шетелдік студенті-2024»

Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының үздік шетелдік студенті-2024» халықаралық байқауы өтті. Сайысқа Астана, Семей, Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларынан 5 команда қатысты. Байқау базалық және клиникалық медициналық пәндер бойынша тестілеу, 4 станцияда әртүрлі жағдайларда шұғыл көмек көрсету дағдыларын бағалауға арналған объективті құрылымдық клиникалық емтиханды қамтитын практикалық кезең және командалық викторина және клиникалық ситуациялық…