Пәнаралық интегрирленген олимпиада «Клиникадағы балалар аурулары»

2024 жылы 19 сәуірде университеттік ауруханада «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Клиникадағы балалар аурулары» пәні бойынша интегрирленген пәнаралық олимпиада өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылар: Балалар аурулары пропедевтикасы және Травматология және балалар хирургиясы кафедрасының қызметкерлері. Олимпиада үш тілде өтті және төрт кезеңнен тұрды: таныстыру, ситуациялық есепті шешу, практикалық дағдыны орындау және капитандар сайысы. Олимпиаданы құттықтау…

Алимбаева А. Р. ғылыми атақ беру үшін құжаттарды тапсыру туралы хабарландыру

«Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына сәйкес толықтырулар мен өзгертулермен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің м.а. 09.01.2023 жылғы № 7 бұйрығына сай «Семей медицина университеті» КеАҚ өтініш беруші туралы ақпаратты жариялайды: Д. М. Тусупова атындағы педиатрия…

“Эпиграф” электронды-кітапхана жүйесіне қолжетімді

Эпиграф баспасының электрондық мәліметтер базасы – бұл электронды кітапханаларға заманауи технологиялық тәсіл болып табылады. Қарапайым интерфейс, жылдам интеллектуалды іздеу және университеттерге арналған ең жақсы оқулықтардың мәліметтер базасы. «Эпиграф» электронды кітапханасы www.elib.kz/search  – бұл Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған 3000-нан астам атаулы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жиынтығы. Ұсынылған басылымдардың көпшілігі бестселлер болып табылады. Оқулықтар жинағы 700 мың…

Біліктілікті арттыру курсы “Анатомия” пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесі Модуль-1″

Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларын ақылы негізде – “Анатомия” пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесі Модуль-1, цикл бойынша біліктілігін арттыру курсына шақырамыз. Курсты Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия  кафедрасының оқытушылары жүргізеді. Курс бағдарламасында:   «Адам анатомиясы» пәнін меңгеру мақсаты «Адам анатомиясы» мамандығы бойынша мұғалімдердің терең кәсіби білімі мен дағдыларын…

Университет кітапханасында жаңа түскен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды

18 және 19 сәуір күндері университет кітапханасында жаңа түскен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқытушылар мен студенттерге мамандықтар бойынша кітапханаға түскен кітаптар ұсынылды. Смартфон арқылы жылдам оқу мақсатында  QR кодталған мерзімді басылымдардан, классикалық әдебиеттерден  және үздік кітаптар таңдалымынан құралған электронды кітап көрмесімен таныстырылды. Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер электронды базаларға қайта тіркелім жасалып, жаңа базалардан тіркеуден…