“Коммуникативтік дағдылар” қысқы мектебі

Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында 2024 жылдың 22-31 қаңтарында “Коммуникативті дағдылар” қысқы мектебі өткізілді. Қысқы мектепке “Жалпы медицина”, “Педиатрия” мамандықтарының екінші және бірінші курс студенттері қатысты. Қысқы мектеп тыңдаушылары үшін үш кредит және оқу-әдістемелік материалдар есебінен силлабус дайындалды. Кездесу соңында алынған білім бекітіліп, практикалық дағдыларды бағалау түрінде кері байланыс алынды. Кафедра қысқы мектептің барлық…

“Х ауруы” дөңгелек үстелі

“X ауруы” – бұл халықаралық эпидемияны тудыруы мүмкін дерексіз ауру. Мұндай эпидемияны адамзатқа белгісіз қоздырғыш тудыруы мүмкін деп саналады. Бұл терминді Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2018 жылдың ақпанында дәрі-дәрмектерді немесе емдеу әдістерін шұғыл әзірлеуді қажет ететін патогендер мен аурулардың тізімі үшін қабылдады. 2 ақпанда 611 топтың интерндері оқытушылар С.Б. Маукаева және Г.И. Нуралиновамен бірлесіп инфекционист…

Интерндердің дөңгелек үстелге қатысуы

Вакцинация профилактикалық жұмыстың ең тиімді шараларының бірі болып табылады. Алайда, соңғы уақытта көптеген адамдар, соның ішінде ата-аналар, әртүрлі себептермен вакцинациядан бас тартады. Ата-аналарды сендіру үшін үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. 1 ақпанда №2 емханада балаларға профилактикалық егуден бас тартқан ата-аналармен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына “жұқпалы аурулар” циклімен айналысатын 611 топтың интерндері қатысты. Оқытушымен…

Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының Батыры

2024 жылдың 29 қаңтарында әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен, ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен өрілген қызымыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған  тәрбие сағаты өткізілді. Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия), қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед…

«Батылдық, ерлік пен төзімділіктің 900 күні мен түні»

2024 жылыы 31 қаңтарда әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың және әскери кафедраның бастығы Ш.О.Орынбасаровтың жетекшілігімен Ленинград блокадасының үзілгеніне 80 жыл толуына орай 3516 және 3617 топтарында  – «Батылдық, табандылық пен батылдықтың 900 күні мен түні» тәрбие сағаты өтті. Осыдан тура 80 жыл бұрын 1944 жылдың қаңтарында Ленинград өзінің жеңісін атап өтті.…