Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында КРЖ патологиясы бойынша олимпиада

Құрметті 3-курс «Жалпы медицина» студенттері! «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы сіздерді «Кардио-Респираторлық жүйе патологиясы» комитеті ұйымдастыратын практикалық дағдылар бойынша Олимпиадаға қатысуға шақырады. Өтетін күні: 2024 жылғы 6 желтоқсан Өтетін орны: Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы Байланыс нөмірі: 8 708 367 73 83 (WhatsApp) Жазыкбаева Лашын Курмангалиевна Қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 5 желтоқсанға дейін қабылданады. Барлық қызығушылық…

Студенттер үйіндегі кездесу

21-29 қараша аралығында м.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасының доценттері Р.Р. Олжаева мен Р.Т. Дінжуманова Уранхаева көшесі, 6-үйде тұратын студенттергмен, оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Қ. Смаилованың бекітілген кафедралардың кезекшілік кестесіне сәйкес, кездесті. Ағылшын бөлімінің оқытушылары жаңа жатақханадағы студенттердің жағдайын тексеріп, жатақханада тәртіп сақтаудың, бір-біріне сыпайы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы туралы әңгімелер…

Ауыл тұрғындарына резидент-ревматологтардың көмегі

Қазіргі уақытта ревматикалық аурулар әлем бойынша мүгедектікке алып келу бойынша жүрек-қан тамыр аурулары мен онкологиялық аурулардан кейін үшінші орында тұр. Атап айтқанда, пациенттердің 72%-ын 18 бен 50 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар құрайды. Ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайы ерекше назар аударуды қажет етеді. Ауылдық жерлерде динамикалық бақылаудың сапасы төмен, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігі жеткіліксіз. Абай, Бесқарағай…

Эпидемиология және биостатистика кафедрасындағы академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық шеңберінде “Астана медицина университеті“ КЕАҚ-мен бірлесіп, “Семей медицина университеті“ КЕАҚ эпидемиология және биостатистика кафедрасында 2024 жылғы 25-29 қараша аралығында дипломнан кейінгі білім алушыларға (магистранттар, докторанттар және резиденттер) үшін дәрістер мен семинарлар өткізілді. Қауымдастырылған профессор, дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасының зерттеуші- профессоры Қасым Лаура Талғатқызы және PhD доцент–зерттеуші Құсайынова Әсия Әбихасқызы “Түпнұсқа мақалаларды жазу ережелері“, “Әдеби шолу. Жүйелі шолу. Мета талдау” тақырыптар бойынша  дәрістер мен семинарлар өткізді. Дәріскерлердің Web of Science базасының мәліметтері бойынша Q1 және Q2 журналдарында жарияланымдары бар, мақалаларды жазу және жариялау тәжірибесі мен ерекшеліктерімен бөлісті.  Сондай-ақ, бакалавриат студенттеріне “ Студенттік ғылыми жоба: миссия мүмкін емес (?) ” өткізді. Аталған семинарға жалпы медицина, педиатрия, стоматология факультеттері оқитын 2 және 3 курс студенттері, сондай-ақ университеттің студенттік ғылыми қоғам белсенділері қатысты. Эпидемиология және биостатистика кафедрасы Қасым Л.Т. және Кусаинова А.А.-ға алғысын білдіреді. Одан әрі ғылым саласында жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Жастар арасында берік отбасы құндылықтарын қалыптастыру

Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында кафедра меңгерушінің А. А. Дюсупова басшылығымен және кафедраның ПОҚ қатысуымен В. Т. Ахметова, Г. Т. Камашева, О. А. Юрковская, Р. И. Фаизова, А. М. Хисметова, А. М. Досбаева, Т. И. Терехова, Т. М. Беляева, А. С. Джармухаметова және 701, 709 ЖТД интерндер тобының қатысуымен  «Жастар арасындағы берік отбасы құндылықтарын…