АЭС құрылысы бойынша референдум аясындағы студенттермен кездесу

25-ші қыркүйекте А.А. Козбагаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасында жалпы медицина факультетінің 4311 тобымен және кафедра ассистенті Егежанова Гульбаршын Мырзахметовнамен  АЭС құрылысы  бойынша 6 қазанда болатын референдум жайлы дөңгелек үстел өтті. АЭС салу туралы идеяны президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа Жолдауында айтқан болатын. Ол өз сөзінде атом энергетикасын дамыту экономикалық және саяси тұрғыдан ерекше маңызды…

Қазақстан Республикасы Іс басқармасының медицина орталығы басшысының келуі

Осы аптаның басынан бастап бізде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері өтуде. Бүгін университетке ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Владимирович Цой мен Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Қаркенұлы Молдабеков келді. Университетте медициналық жұртшылықпен, қаланың медициналық мекемелерінің басшыларымен, бас дәрігерлермен, кафедра меңгерушілерімен кездесу өтті. Жиын барысында ҚР ПІБ МО спикерлері Қазақстан…

Жаңа оқу жылында кураторлық топпен таныстыру

2024 жылдың 13 қыркүйекте А.А. Козбагаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасында жалпы медицина факультетінің 4311 тобымен алғашқы кездесу-танысу өтті. Кураторлық сағат кафедра асистенті Егежанова Гульбаршын Мырзахметовнаға жүктелді. Топ құрамында еліміздің әр өңірінен келген 11 студент бар. Әр студент өзі жайлы, өз өңірі жайлы айтып өтті.  Куратор топ студенттерін университеттегі тәртіп ережелерімен, сонымен қатар пән саясаты мен…

“Заман back” кинофильмін көру

2024 ж. 23 қазанда “Жалпы медицина” факультетінің 5318 кураторлық тобының студенттері (куратор доцент Смаил Е.М.) экранда “Заман back”кинофильмі көрсетілген G cinema Park кинотеатрына барды. Қазақстан, Қырғызстан шығарған кинофильм, продюсер Серік Ибрагимов, режиссер Дархан Саркенов. “Заман back” кинофильмінің премьерасы Қазақстанның кинотеатрларда 2024 ж. 17 қазанда басталған. “Ересектердегі жұқпалы аурулар пәні”

Дөңгелек үстел «Бауырдың есірткінің әсерінен зақымдануы»

2024 жылдың 23 қазанында Семей қаласының «Вита» медициналық мекемесінде «Бауырдың есірткінің әсерінен зақымдануы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мекеменің дәрігерлері мен медбикелері қатысты. Баяндаушы (доценттер Е.М. Смайыл және С.Б. Маукаева) өз баяндамаларында «бауырдың есірткінің әсерінен зақымдануы» – бұл препаратты немесе жұқпалы емес басқа затты қабылдаудан туындайтын, орта есеппен 5 күннен 90 күнге дейін дамитын…