Халықаралық ғылыми морфологиялық конференция
2024 жылдың 22 қарашасында Астана қаласында «Астана медицина университеті» КЕАҚ-ның 60 жылдығына арналған студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы өтті. «Морфология» секциясының қорытындысы бойынша педиатрия факультетінің 2231 топ студенттері Ескермес Аяужан 2 орынды, «Медицинадағы инновациялар» секциясының қорытындысы бойынша Абай Ернұр 3 орынға ие болды. Анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы жеңімпаздарын құттықтайды!!!





