«Семей медициналық университеті» КЕАҚ терапия кафедрасында «Терапия» мамандығыбойынша резидентурада жас мамандарды даярлаужүргізіледі. Оқу ұзақтығы – 2 жыл. Білім беру бағдарламасы терапевтік аурулардыдиагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерібойынша толық оқытуға бағытталған. «Терапия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы таралған терапиялық аурулардыдиагностикалау, емдеу, реалибитациялау жәнеалдын алу бойынша толық оқытуға бағытталған. Қазіргі таңда резидентурада «Терапия» мамандығы бойынша 1 оқу жылының 10 резиденті(Семей қаласы-7, Өскемен қаласы-1, Павлодар қаласы-2) және 2 оқу жылының 7 резиденті оқиды, оның ішінде 3 резидент Семей қаласының ЖММК базасында, 1 резидент – университеттің Өскеменқаласындағы филиалының базасында оқиды, 2 резидент – Павлодар қаласындағы университет филиалының базасында білім алуда. Академиялық және клиникалық тәлімгерлердің басшылығымен резиденттер пациенттерді диагностикалау мен емдеудің дәрігерлік дағдыларына оқытылады, сонымен қатар заманауи клиникалық ұсынымдарды, сыныптамаларды, диагностика мен емдеу әдістерін талқылайды. Құрметті тұлектер, сіздерді жоғары білікті мамандарды даярлау мен өз құзыреттерін үздіксіз дамытуға бағытталған «Терапия» мамандығы бойынша…