Республика күні
2024 жылдың 23 қазанында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі И.Н.Шерстобитовтың ұйымдастыруымен «Стоматология» мамандығының 303 кураторлық топ студенттерімен Қазақстан Республикасының күніне арналған іс-шара өткізілді. Шара барысында мерекенің қалыптасу тарихы, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі даталары студенттердің назарына ұсынылды. Студенттердің белсенді қатысуымен іс-шара нәтижелі болды. Әскери кафедраның 303 топ студенттері