Семей қаласының оқушыларын профилактикалық медициналық тексеру
Балаларды профилактикалық медициналық тексеру-бұл оқушыларды тұрақты және аса маңызды тексеру болып табылады, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Медициналық тексеру-бұл денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруды дер кезінде анықтауға және алдын-алуға бағытталған уақтылы медициналық тексеру. Тексерулер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жүргізіледі. Мектепте медициналық тексеру-жыл…





