«Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайына саяхат

2024 жылдың желтоқсан айында, әскери кафедра оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен, біз 4117 топ студенттері, «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайына саяхат жасадық. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орайластырдық. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бөлімі ретінде 1997 жылы тарихи ғимаратта ашылған бұл музейдің ұлтымыз үшін өзіндік үлкен тарихи маңызы бар.…

Балармен Жаңа Жыл мерекесін тойлаймыз!

2024 жылғы 20 желтоқсанда Б. С. Бұланов атындағы жүрек-қан тамырлары және торакалды хирургия кафедрасының ассистенттері Сағат Б Қ, Кадирова Г А, Арбацка Т В ЖТД 605 және 607 топтарының интерндерімен бірлесіп АО ДСБ “Облыстық фтизиопульмонология орталығы” ШЖҚ КМК балалар бөлімшесінде Жаңа жылды мерекелеуге арналған іс-шара өткізді. Интерндер Аяз Ата, Ақшақар, Ежелгі Греция тұрғындарының ертегі кейіпкерлері…

Тәрбие жұмысы бойынша қайырымдылық қоры мақсатымен медициналық көмек көрсетілді

Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының оқу ісіне жауапты Д.К. Ордабаева тәрбие жұмысы бойынша қайырымдылық қоры мақсатымен Абай облысы Бескарағай ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету және профилактикалық іс шаралар өткізілді. Созылмалы аурулары бар және медициналық  қызметтер жетімділігі шектеулі адамдарға назар аудара отырып, пациенттерді қабылдап консультациялар беріледі.

“Жыл қорытындысы – 2024” – Д.Н. Сайдуалиевті марапаттау

“Жыл қорытындысы – 2024” республикалық конкурсы қоғамда медицина қызметкерінің оң имиджін қалыптастыруда, Денсаулық сақтау саласын тәуелсіз талдау жұмысында, үздік мамандарды анықтауда және оларды көтермелеуде маңызды рөл атқарады. Конкурсқа республиканың барлық өңірлерінен, республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар қатысты. Конкурстық комиссияның жұмысы 2024 жылғы 18 қарашадан 7 желтоқсанға дейін…

Өскемен филиалының қызметкерлері мен білім алушыларының балаларына арналған жаңа жылдық шара өтті

24 желтоқсан күні СМУ КеАҚ Өскемен филиалынының қызметкерлерінің, интерндердің және резиденттердің балаларына арналған жарқын жаңа жылдық іс-шара өтті. Бұл мереке ұжымда қуаныш пен бірлікті қалыптастыратын жақсы дәстүрге айналды. Балалар түрлі конкурстарға, ойындарға және шығармашылық тапсырмаларға қатысып, сондай-ақ, Аяз Ата мен Ақшақармен кездесті. Әрбір бала сыйлық алды, ал кеш көңілділік пен жаңа жылдық ғажайыптарға толы болды.…