2024 жылы 24 желтоқсанда КеАҚ «Астана Медициналық Университеті» аясында «Денсаулық сақтауды трансформациялау: ертеңгі күннің құзыреттілгі» тақырыбында Денсаулық сақтау саласының жас көшбасшыларының республикалық форумы өтті. Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, презентациялар, панельдік пікірталастар және шеберлік сыныптары түрінде денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен өткізілді. Айрықша назар стартап-жобалар көрмесіне аударылды, онда ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының ғылыми үйірмесінің студенттері өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Форум қорытындысы бойынша «ЖМ» 2121 топ студенттері Калиев Сернад, Камажнов Арсен және «ЖМ»2101 топ студенті Әскер Аққу 2-орынға ие болды ғылыми жетекші: м.ғ.к. С.О.Рахыжанова. Жеңімпаздар сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.