КеАҚ «СМУ» университеттік ауруханасында балаларға арналған қайырымдылық акциясы

КеАҚ «СМУ» университеттік ауруханасында балаларға арналған қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл қарсаңында ауруханада емделіп жатқан балаларға арналған педиатриялық бөлімшеде әсерлі қайырымдылық шарасы өтті. Мереке ұйымдастырушылары «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасы және «Педиатрия» мамандығының 4303, 4404, 4505 топ студенттері. Балаларға сыйлықтар ұсынылып, музыкалық сүйемелдеумен интерактивті ойындармен бағдарлама дайындалды. Бұл шара ерекше жылулық пен қолдауды қажет ететін жандарға мейірімділіктің, ілтипат пен қамқорлықтың нағыз үлгісі болды.
Айта кету керек, университеттік аурухананың кішкентай емделушілерін бірінші болып басқарма төрағасы-ректор Алтай Дюсупов құттықтады. Семей қаласының медициналық университеті мен университеттік аурухана басшылығы «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен жаңа 2025 жыл қарсаңында бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Сәби» қайырымдылық қоры университеттік ауруханаға бірнеше рет қолдау мен көмектің барлық түрлерін көрсетті және көрсетуді жалғастыруда және Қазақстандағы 2002 жылы құрылған алғашқы жеке қайырымдылық ұйымдарының бірі болып табылады.
Көңіл мен қамқорлықтың арқасында әрбір бала өзін үлкен мерекенің бір бөлігі ретінде сезінді.
Ауруханада емделіп жатқан балалар үшін жағымды эмоциялар мен жаңа әсерлер өте маңызды рөл атқарады. Біз бұл тапсырманы орындаған сияқтымыз.

“Балалар аурулары пропедевтикасы” кафедра ұжымы.

Рубрикалар: Оқушылар