“Күміс университеті” бағдарламасы аясындағы іс-шара

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында дене шынықтыру кафедрасы, СМУ КеАҚ дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Е. Б. Абдрахманов және ЖББП кафедрасының оқытушысы Ж. К. Жайырбаева “күміс университеті“ бағдарламасы аясында қаламыздың зейнеткерлерін “Медик“университетінің спорт лагеріне сауықтыру серуеніне шақырды. Іс–шарада 20-ға жуық зейнеткерлер  шаңғы теуіп, таза ауада серуендеп, түрлі спорттық ойындарға  қатысты.  “Семей“ медицина университеті 2021 жылдан бастап “Күміс университет“ еріктілер бағдарламасына қатысып, Семей қаласының зейнеткерлерін түрлі спорттық, мәдени, ойын-сауық іс-шараларын өткізеді.

“СМУ” КеАҚ “Қоғамдық денсаулық” кафедрасының базасында өндірістік практиканың сәтті аяқталуы

Университеттің “Қоғамдық денсаулық” кафедрасының базасында фармация мамандығының 1 және 3 курс студенттеріне арналған “Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру” өндірістік практикасы аяқталды. Тәжірибе базасы ретінде “АльфаМед” дәріханалар желісі таңдалды, сонымен қатар 21 дәріхана дәрі-дәрмек өндірумен айналысатын санаулы дәріханалардың бірі. Барлық студенттер қажетті практикалық дағдыларды игердіп өндірістік практиканы аяқтады. Фармация мамандығының 1 курс студенті Ляшов Кирилл 21 дәріхананың директоры Л.И. Горинаның жұмыстың…