Салауатты өмір салтын насихаттау және студенттер арасындағы достықты нығайту мақсатында 8-9 ақпан күндері Семей медицина университетінде «Ректор кубогы» футзал турнирі өтеді.
Жүлде қоры: 200 000 теңге!
✅ Турнирге қатысу шарттары:
• НАО «МУС» университетінің 1-5 курс студенттері қатыса алады.
• Команда құрамында кемінде 5, ең көбі 7 ойыншы болуы қажет.
• Барлық командалар бірыңғай спорттық форма мен гетры киюі тиіс.
⚽ Ойын форматы:
• Матчтар 4×4 (3+1) форматында өтеді.
• Топтық кезең: 2 тайм, 10 минуттан.
• Плей-офф кезеңі: 12 минуттық ойындар.
• Ауыстырулар саны шектелмейді.
• Тең нәтиже болған жағдайда жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталады.
🏆 Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады!
📌 Тіркелу мерзімі: 7 ақпан, сағат 15:00-ге дейін.
Жеңіс жолында өз командаңды сынап көр!
Тіркелу және толық ақпарат алу үшін Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Айдос Сейпілұлына +77755020252 хабарласыңыз.