Erasmus+ шеңберінде академиялық ұтқырлық бойынша оқуға өтінімдерді қабылдау

Erasmus+ шеңберінде академиялық ұтқырлық бойынша оқуға өтінімдерді қабылдау

Академиялық ұтқырлық аясында Josip Juraj Strossmayer University of Osijek-те оқуға құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу мерзімі-4 ай, 2025 жылғы 1 сәуірден 2025 жылғы 1 тамызға дейін.

«СМУ» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламалары бойынша 2,3 және 4 курс студенттері қатысуға өтінім бере алады.

Академиялық ұтқырлықтан өту үшін конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін сізден 11.02.2025 дейін байланыс ақпаратын міндетті түрде көрсете отырып, ағылшын тілінде CV smu.partnership@smu.edu.kz поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді.

Іріктеу критерийлері:

* Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі

* Жоғары GPA ұпайы және мотивация.

Академиялық ұтқырлық бойынша бөлінген бюджет шеңберінде қандай шығыстар жабылады:

– жол шығындары;

-стипендия;

– оқыту тегін.

Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (306 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.