06.02.2025 жылы ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 1101, 1102, 1103, 1110, 1111, 1112, 1113, 2128 кураторлық топтардың студенттерімен бірге қудалау және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылады.
Талқылау оқытушы Б.А. Орынбасарованың сөзінен басталды, Ол зорлық-зомбылық белгілері, оның салдары және алдын алу әдістері туралы айтты. Студенттер, зорлық-зомбылық әрқашан физикалық емес екенін білді – ол психологиялық қысым мен жыныстық қудалауда көрінуі мүмкін.
Студенттер пайдалы ақпарат үшін алғыс білдіріп, бұл білім тек кәсіби тәжірибеде ғана емес, жеке өмірде де пайдалы болатынын атап өтті.
Б.А. Орынбасарова, ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы

