Ректор кубогы – 2025

Ректор кубогы – 2025

Ағымдағы жылдың 8 – 9 ақпан күндері салауатты өмір салтын арттыру мақсатында Дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен  «СМУ» КеАҚ спортзалында  1 – 5 курс студенттер арасында футзалдан «Ректор кубогы» дәстүрлі турнирі өтті. Турнирге 11 команда қатысты.

Турнир барысында ойыншылар өз шеберліктерін көрсетіп, көрерменге қызықты ойын сыйлады.

Турнир қорытындысы бойынша «Мед Болашақ» командасы 1 – орынға, 2 және 3 орындарды «Алаш» және «FC Dentisct» командалары иеленді. Жеңімпаздар кубоктармен, мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Турнирді ұйымдастырушы дене шынықтыру кафедрасына және қатысушыларды белсенді ат салысқан үшін алғыс білдіре отырып, алдағы ойындарға толағай табыстар тілейміз!

Жарияланды: