2025 жылдың 11 ақпанында эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Тукинова Асель Ришатовна «Әлеуметтік желілерде өзіңді жоғалтып алмау» тақырыбында 431 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Студенттер әлеуметтік желілердің өзін-өзі бағалауға және эмоцияларға әсерін, сондай-ақ оларға тәуелділік мәселесін талқылады. Онымен күресудің тәсілдері, мысалы, уақыт шектеулерін орнату, өз сезімдеріне назар аудару және цифрлық детокс туралы айтылды. Кураторлық сағат студенттерге цифрлық кеңістіктегі жеке шекараларды сақтау және технологиялардың психоэмоционалдық денсаулыққа әсерін түсінуге көмектесті.

