Әскери кафедра студенттерінің қоғамдық өмірі

Әскери кафедра студенттерінің қоғамдық өмірі

07 ақпан 2025 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ «Стоматология» мамандығының 309 топ әскери кафедра  студенттері цикл бастығы-аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Нұрбек Саденұлы Смаиловтың ұйымдастыруымен «Алаш арыстары-М.Ауэзов» мұражайына саяхат жасады.

1944 жылы бұл ғимаратта Абай мұражайы орналасқан болатын, ал 1977 жылдың қыркүйек айында Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Алаш тарихына арналған алғашқы мұражай ашылды.

Бұл мұражайда А.Құнанбаев, М.Әуезов және Алаш қозғалысының көсемдері туралы естеліктер сақталған.

Тарихи ғимарат қабырғалары алаштықтардың қазақ халқының тағдыры туралы қызу пікірталастарына куә болған десе де болады.

Қорда «Алаш» партиясының жетекшілеріне қатысты экспонаттар мен партия мүшелері бейнеленген фотосуреттерді  тамашалауға болады.

Қала студенттерінің, оқушыларының, тарихшылардың және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен мұражайда экскурсиялар, әдеби кештер, еске алу кештері үнемі өткізіліп тұрады.

                                             Әскери кафедраның 309 топ студенттері

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір