10.02.2025 жылы ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 1101, 1102, 1103, 1110, 1111, 1112, 1113, 2128 кураторлық топтардың студенттерімен бірге лудомания және құмар ойындар тақырыбына арналған мәселелерін талқылады. Кафедра оқытушысы П. С. Рахимгалиева құмар ойындардың не екенін, оның белгілері, адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зардаптарын айтып берді. Студенттер құмар ойындардың тәуелділікке қалай айналатынын және оның жеке қарым-қатынасқа, қаржылық жағдайға және психологиялық денсаулыққа қалай әсер ететінін білді. Әңгіме соңында студенттер жастар арасында хабардарлықты арттырудың маңыздылығын атап өтті, талқыланатын тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.
Б.А. Орынбасарова, ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология
және медициналық генетика кафедрасының
аға оқытушысы Ибраева Г.Р., Рахимгалиева П.С., Есентаева А.М.

