11.02.2025 ж. 1113 топ студенттері БББ «Медицина», кураторлары Орынбасарова Б.А. жетекшілігімен Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барды. Бұл музей Қазақстанның ең көне музейлерінің бірі болып табылады. Экскурсия барысында студенттер өңір тарихымен байланысты көне артефакттермен, көрмелермен танысып, өлкеге үлес қосқан танымал тұлғалар туралы ақпарат алды. Археологиялық олжалар ерекше назар аударды. Музейге бару студенттер үшін тек қызықты, сонымен қатар танымдық жағынан құнды оқиға болды. Мұндай іс-шаралар жастардың туған өлкесіне деген қызығушылығын арттырып, мәдениет пен тарихқа деген құрметті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Б.А. Орынбасарова., ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы

