Скрининг – сауалнама, физикалық немесе зертханалық зерттеу және салыстырмалы түрде жылдам орындалуы мүмкін басқа шаралар арқылы бұрын танылмаған ауруды немесе қауіп факторын анықтауға бағытталған профилактикалық медицина шараларының маңызды құрамдас бөлігі. Скринингтің мақсаты-ауруды оның белгілері пайда болғанға дейін анықтау, яғни ерте анықтау, ерте емдеу, демек, науқастың өмірлік сапасы мен өмір сүру ұзақтығын арттыру. Скрининг тегін процедура екенін ескеру маңызды!!!
Соңғы жылдары артериялық гипертензия (АГ) қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды проблемасы болып табылады және аурудың салдарынан мемлекетке өсіп келе жатқан экономикалық ауыртпалық тудырып отыр. Белгілі факт, жоғары қан қысымы миокард инфарктісінің, инсульттің және басқа да бірқатар аурулардың дамуына әкеледі. АГ жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп факторларының бірі болып табылады, бұл пациенттің және мемлекеттің ауруды, оның асқынуларын және ұзақ мерзімді салдарын емдеуге кететін шығындарына айтарлықтай әсер етеді. 12.02.2025 ж. Семей қаласының №4 емханасының дәрігерлеріне тәжірибелік көмек көрсету мақсатында КЕАҚ «МУС» Семей қаласының ЖТД кафедрасының қызметкерлері, кафедра меңгерушісі, профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, Т.И.Терехова 604 топ- интерндарымен бірге артериялық гипертониямен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдерді скринингтік медициналық тексеруден өткізуге қатысты. Интерндер отыру жағдайында 1-2 минут аралықпен қан қысымын екі рет өлшеуге, жалпы холестеринді экспресс — диагностикалауға, төмен тығыздықтағы липопротеин (LDL) деңгейін анықтауға, стандартты ЭКГ зерттеуін жүргізуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ-СКРИНИНГТЕН ӨТІҢІЗ!

