Барнауылдағы “АГМУ-2025 Ғылым апталығы” ғылыми-практикалық форумында жеңіс

Барнауылдағы “АГМУ-2025 Ғылым апталығы” ғылыми-практикалық форумында жеңіс

10-15 ақпанда Алтай мемлекеттік медицина университетінде халықаралық қатысумен” АГМУ-2025 Ғылым апталығы” ғылыми-практикалық форумы өтті. 13 ақпанда Семей медицина университетінің білім алушылары “Жұқпалы аурулар”секциясына қатысты. “Адам папилломавирусы (АПВ) туралы студенттердің хабардарлығы” және “Медицина студенттері АИТВ-инфекциясы туралы не біледі” атты баяндамаларымен “Педиатрия” мамандығы бойынша 4 курс студенті Жәнібекова Айнұр және “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 5 курс студенті Қалқаман Айжан, ғылыми жетекші доцент Маукаева С.Б. және “Экзантемалардың дифференциалды диагностикасы” және  тақырыбында баяндамасы 2-ші жылғы резидент-дерматовенеролог Рашканова Д., ғылыми жетекшілер доценттер А.К. Ахметова мен С.Б. Маукаеваның сөз сөйледію. Біздің студенттер “Адам папилломавирусы (HPV) туралы студенттердің хабардарлығы” баяндамасы үшін 1-орынды және “Экзантемалардың дифференциалды диагностикасы” баяндамасы үшін 3-орынды иеленді. Халықаралық форумға қатысу білім алушыларға өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып қана қоймай, әртүрлі елдердің жас ғалымдарымен тәжірибе алмасуға, жетекші сарапшылардан құнды ұсыныстар алуға және ғылыми көкжиектерді кеңейтуге мүмкіндік берді. Студенттерімізді құттықтаймыз!!!

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар