2025 жылдың 12 ақпанында ішкі аурулар және ревматология кафедрасында магистранттар, ЖПД интерндері және 2 білім беру бағдарламасы: Нефрология және Гастроэнтерология резиденттерінің қатысуымен «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы асқазан-ішек жолдарының патологиясы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жауапты оқытушылар – кафедра доценттері Қапанова Г.К., Шаханов Т.Е. Сабақ барысында ЭТЖЖ салдарынан асқазан-ішек патологиясы бар науқастың ауру тарихына клиникалық талдау жасалды. Студенттер терминальді созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы ас қорыту ауруларының диагностикасы мен емінің заманауи тәсілдері туралы қосымша ғылыми ақпарат алды.
Сабақ барысында сондай-ақ ҚҚСЖ асқынған түрі бар науқастарды басқару бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доценті Капанова Г.К.

